Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнмен кездесуге аттанды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы екінші ойынын өткізу үшін Швейцарияға аттанды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнмен кездесуге аттанды
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз маманы Сейіл Қожатайдың хабарлауынша, Лихтенштейн астанасы - Вадуц қаласында әуежай жоқ. Сондықтан қазақстандық футболшылар оған жақын орналасқан Швейцарияның Цюрих қаласына ұшақпен барады. Одан әрі 1,5 сағат автобуспен жетеді.

Кездесу наурыздың 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл матчта бас бапкер құрамда бірнеше өзгеріс еңгізуді жоспарлап отыр.

Бұл ойында Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі — Дэвид Дикинсон.

Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді.

Қарсыластары — Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.

Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.

Еске салсақ, алғашқы турда сырт алаңда Қазақстан Уэльске 1:3 есебімен жол берсе, Лихтенштейн Солтүстік Македония 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

 

Соңғы жаңалықтар