16:21, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
Г. Әбдіхалықова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер жайлы хабардар етті
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріГүлшара Әбдіхалықова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер жайлы хабардар етті.

«Биылғы жылы оқыту мәселесіне өзгерістер енгізіп, балама ретінде жұмысқа орналастыру орталықтарын да дайындауды да қолға алу керек. Сондай-ақ шағын несие бойынша несиелік серіктестіктер құруға, құжаттарды азайтуға күш салатын боламыз», -деді ол Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысында.
«Бүгін біз жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылып жатқан Н. Ілясов және Шаған ауылдық округтерінде болдық. Жалпы бағдарлама жөнінде түсінік бар»,-деп қосты ол.
Министр Қызылорда облысында ағымдағы жылы бағдарлама шеңберінде 1 млрд теңге шағын несие бөлінгендігін, 1 500-ден астам адам оқумен қамтылатындығын, ал төртінші бағыт бойынша 500 млн тенге бөлінетіндігін, бұл қаржыға 20 әлеуметтік нысан жөнделетіндігін атап өтті.