Г.Әбдіқалықова: 2015 жыл гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде елеулі кезең болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумына қатысты.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік және гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі баяндамасында біздің еліміз Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 43-орында екендігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа қырынан таныту үшін барлық мүмкіндігі бар екенін айтты.

Сонымен қатар Г.Әбдіқалықова қабылданғанына 2015 жылы 20 жыл толатын Бейжің декларациясы гендерлік мейнстриминг мәселелерін ілгерілетуде елеулі кезең болғанына форумға қатысушылардың назарын аударды.

Мемлекеттік хатшы елімізді жан-жақты жаңғырту үшін Қазақстан Президенті ұсынған Бес институционалдық реформаларды іске асыру ісінде әйелдердің рөлін арттырудың маңыздылығын айрықша атап көрсетті.

Сөз соңында Г.Әбдіқалықова бірқатар нақты ұсынысын ортаға салды және форум қонақтарын «Болашақтың энергиясы» атты тақырып бойынша өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астанаға келуге шақырды.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ресей делегациясы басшылығымен және форумға қатысқан өзге елдердің делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрайымы, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы В.Матвиенкомен, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары О.Голодецпен, Армения Республикасы Ұлттық жиналысының вице-спикері Э.Нагдалянмен, Вьетнам Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Тонг Тхи Фонгпен және Тәжікстан Оли Маджлиси намояндагон Маджлисінің вице-спикері Х.Юсуфимен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік-гуманитарлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.

Фото: 24kz

Соңғы жаңалықтар