Г.Әбдіқалықова бірқатар шетел елшісінен сенім грамотасын қабылдады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Гана, Джибути, Никарагуа, Албания Республикаларының және Бахрейн Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқаратын дипломаттарынан сенім грамотасын қабылдады.
None
None

Гана Елшісі Кодзо Кпоку Алабомен болған әңгіме барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның Ганамен және басқа да Африка мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін атап өтті.

Ал Джибути Елшісі Мохаммед Али Камильмен және Бахрейн Корольдігінің Елшісі Ибрагим Юсеф әл-Абдалламен кездесуде Мемлекеттік хатшы аталған елдердің Ислам ынтымақтастық ұйымы аясындағы табысты өзара іс-қимылын атап өтіп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Астана қаласында штаб-пәтері бар Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымын құру туралы бастамасын қолданғаны үшін ризашылығын білдірді.

Никарагуа Елшісі Хуан Эрнесто Васкеспен кездесу кезінде Г.Әбдіқалықова Қазақстан 2015-2019 жылдарға ЮНЕСКО-ның атқару кеңесіне Никарагуаның кандидатурасын қолдау көрсеткенін айта келе, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығына Астананың кандидутарсын қолданғандықтары үшін алғыс айтты.

Мемлекеттік хатшы Албания Елшісі Арбен Газионимен екіжақты жүздесу барысында еларалық диалогты одан әрі тереңдете түсу мүмкіндігіне баса назар аударды.

Г.Әбдіқалықова БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелегіне Қазақстан кандидатурасын қолдағандары үшін Никарагуа мен Джибути Елшілеріне алғыс айтып, Гана, Албания және Бахрейн елдерінің біздің мемлекетіміздің кандидатурасына қолдау білдіретіндігіне сенім артты.

Соңғы жаңалықтар