«G-Global Халықаралық форумы: жаһандық бастамалар тұғырнамасы» Варшавада өтеді

Аталған келісімге ҚР Парламент Сенатының депутаты, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығының Үйлестіру комитетінің тең төрағасы С. Нөгербеков және Польшадағы Қазақстан Республикасының елшісі Е. Өтембаевтың Польша елінің қоғам өкілдерімен, сарапшы, саясаткерлерімен кездесуі барысында қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен G-Global коммуникативті алаңының құрылуы, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясы (ДАК) және 2013 жылдың 22-24 мамырында өтетін VI Астана экономикалық форумы (АЭФ) польшалық әріптестердің қызығушылығын тудырды. 7-8 наурызда ҚР Варшавадағы елшілігінің ықпал етуімен «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы жетекшілерінің Еуропаға сапары кезінде сенатор С. Нөгербеков және елші Е. Өтембаев Польша елінің үкімет, парламент және өңір жетекшілерімен, танымал сарапшыларымен, экономистер мен саясаткерлермен келіссөздер өткізіп, соның барысында оларды әлемдегі экономиканың дамуындағы қазақстандық бағалауымен және екі елдің экономикалық байланыстарына бағытталған болашағымен таныстырды. Польша Республикасы сенатор Серік Нөгербековтің Варшавада қыркүйек айында конференция өткізу туралы ұсынысын қолдап мақұлдады. Кездесу барысында, С. Нөгербеков әңгімелесуші тарапқа АЭФ жұмысы туралы, Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясы (ДАК) бастамасы туралы және ғаламдық даму мен заманауи экономиканың негізгі мәселелерін жан-жақты ашық талқылауға мүмкіндік беретін G-Global инфокоммуникативті алаңының қарқынды дамуы туралы толық ақпарат беріп, қанықтырды. Польшаның Қазақ елімен ынтымақтастық орнатып, ғаламдық антидағдарыстық шешімдерді іздеуде болашағы зор еуропалық алаңына айналатындығы үлкен серпіліс тудырды. Осылайша, Польшаның вице-премьері, экономика министрі Януш Пехочиньскийдің пікірінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының және өзге де Халықаралық беделді серіктестердің қолдауымен Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясын (ДАК) ұйымдастыру, ол әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға деген жоғары сенімділігінің белгісі. Польша бизнесмендері үшін Қазақстан - ТМД елдеріндегі экономикасы мен саясаты тұрақты мемлекет қана емес, сондай-ақ Doing Business Дүниежүзілік Банкінің рейтингісі аясындағы Қазақстанның әділ жоғары бағаларын қолдайтындықтарын да жеткізді. «Польшада Қазақстанды экономикасы сәтті негізделген бірегей әрі тәуелсіз ел ретінде танып, дамуын қызығушылықпен бақылаймыз»,- дейді Пехочиньский. Сондай-ақ, алдыңғы жылдары ұйымдастырылған АЭФ-тың польшалық қатысушылары, форумның жоғары ұйымдастырушылығы мен мазмұндық деңгейін ерекше атап өтуде. Польша елінің Ұлттық банк төрағасы Марек Белка да өз тарапынан АЭФ жұмысына қызығушылықпен қарайтындығын айтып, басшылық еткен ведомствоның Астанада өтетін Дүниежүзілік антидағдарыстық конференциясына (ДАК) қатысатындығын жеткізді.