Г. Головкин: Президентiмiзге бейбiт әрi келiсiмi жарасқан елде тұрып жатқанымыз үшін алғысымды жеткiзгiм келедi (ФОТОРЕПОРТАЖ)

барысында өзіне үлкен қолдау көрсетiп келе жатқан Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын бiлдiрдi. "Бiздiң Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа, оның үлкен қолдауына және бейбiт әрi келiсiмi жарасқан қоғамда тұрып жатқанымыз үшін алғысымды жеткiзгiм келедi. Сiздерге рахмет, Құрметтi қазақстандықтар! Жылы лебiздерiңiзге, жақсы сөздерiңiзге, мен үшiн бұл маңызды", - дедi Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, Кәсіпқой рингте Головкин орта салмақ санатында (72 келіге дейін) алғаш рет 2006 жылы сынға түсті. Бірінші 8 жекпе-жекті уақытынан бұрын жеңді.
2007 жылдың қыркүйегінде ол француз Мехди Боудламен(11-1) кездесіп, 8 раундта ұпай санымен басым түсті.
2008 жылы сәуірде Иан Гарднерді (20-3) ұпай санымен ұтты.
2008 жылдың қарашасында - кезекті жеңіс: 2-раундта беларусь Малик Дзиарр (29-3) кездесуді жалғастырудан бас тартты.
2009 жылдың 11 шілдесінде бірінші рет шаршы алаңға 12 раундтық жекпе-жекке шықты. WBO-ның интерконтинентальдық чемпион атағы үшін өткен кездесудің екінші раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен жеңді.
Одан соң бұған дейін бірде бір рет жеңіліп көрмеген Михаил Макаровты (10-0) сұлатып салды.
2010 жылдың тамызында WBA нұсқасы бойынша 72 келі салмақ дәрежесінде уақытша әлем чемпионаты атағы үшін колумбиялық Милтон Нуньеспен (21-1-1) жұдырықтасты. Головкин қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.
Келесі кездесуін Головкин WBA нұсқасы бойынша әлемнің тұрақты чемпионы атану үшін панамалық Нельсон Хулио Тапиамен шаршы алаңда кездесті. Қарсыласын ол үшінші раундта ұтты.
2011 жылы Головин өз титулын екі рет қорғап, Кассим Оум мен Лахуан Саймонды айқын басымдықпен ұтты. Саймонмен өткен кездесуде Головкин IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
2012 жылы титулды үшінші рет қорғауда Головкин жапондық Макотто Фучигамиді есінен тандырды.
2012 жылдың 1 қыркүйегінде HBO америкалық телеарнасында Геннадийдің дебюті өтті. Головкин рингке жас поляк Гжегож Проксамен шықты. Бірінші раундта-ақ ол полякты сұлатты.
2013 жылдың 19 қаңтарында Madison Square Garden аренасында Головкин ерікті түрде титулды қорғауға шыққан тегі пуэрторикандық АҚШ боксшысы Габриэль Росадомен жұдырықтасты. Геннадий оны техникалық нокаутпен ұтты.
2013 жылдың 30 наурызында Монакода Геннадий Головкин жапон боксшысы Нобухиро Исидомен кездесті. Головкин Исидоны нокаутқа түсіріп, оны кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты.
2013 жылдың 29 маусымында АҚШ-та Г.Головкин белгілі британиялық боксшы Мэттью Макклинмен рингте кездесті. Бұл жекпе-жек те қазақстандықтың айқын басымдығымен аяқталды.
2013 жылдың 2 қарашасында Геннадий АҚШ-та жергілікті боксшы Кёртиса Стивенспен жұдырықтасты. Шиеленіске толы жекпе-жектің 8-ші раундында Кертис Головкиннің бірнеше соққыларынан кейін есеңгіреп қалды, жаттықтырушысы оның 9-раундқа шығуына жол бермеді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Головкин салмақ санатына қарамастан жылдың үздік боксшысы деп танылды.
2014 жылдың 1 ақпанында Головкин Монте-Карлода ганалық Осуман Адамамен кездесті. 31 жастағы Головкин өзінің 33 жастағы қарсыласын рингтің бірінші, алтыншы және жетінші раундтарында есеңгіретті. Соңғысында төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.
2014 жылдың маусымында Головкин WBA супер чемпионы болып танылды.
2014 жылы 26 шілдеде Головкин Австралияның танымал боксшысы, бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Гилмен жекпе-жекке шықты. Бұл кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Үшінші раундта Головкин кезекті жеңісіне жетті.
2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин танымал мексикалық боксшы, WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасты. Головкин оны екінші раундта сұлатып салды.