19:40, 20 Сәуір 2013 | GMT +5
G20: АҚШ пен Жапония сыртқы қарыздарын қысқартуы тиіс
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемдік экономиканы қалпына келтіру үшін жаңа шаралар қажеттілік етеді. Осы орайда Ваишингтондағы Үлкен жиырмалық саммитінің қатысушылары АҚШ пен Жапония аса зор сыртқы қарыздарын қысқарту бойынша өздерінің жоспарларын ұсынуы тиіс екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ВВС хабарлады.
«Әлемдік экономиканың қалпына келуінде біршама ілгерілеушілік болғанмен, оның өсімі айтарлықтай емес және дүниежүзіндегі жұмыссыздық бұрынғысынша әлі де жоғары деңгейде», - делінген G20 елдері қаржы министрлері мен орталық банктері басшыларының мәлімдемесінде.
Саммит қатысушылары экономиканың өсімін жандандыру үшін үкіметтердің миллиардтаған көлемде қаржы салуы қандай нәтиже беретінін байқап отыратындықтарын алға тартып отыр. Айта кетейік, дағдарысты еңсерудің осындай жолымен Жапония да талпынуда.
Бұдан бұрын, яғни жұма күні халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Ұлыбританияның несиелік рейтингін бір сатыға төмендеткен болатын.