«Ғалам» қазақстан-француз кәсіпорнының бақылау кеңесі кәсіпорынның жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - «Ғалам» ЖШС-ның бақылау кеңесі Қазақстанда өзінің кезекті отырысын өткізді.
None
None

Еске салайық, «Ғалам» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны «Қазақтан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен француздық EADS Astrium компаниясы жүзеге асырып жатқан, Астана қаласында ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін салу жобасы аясында Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш аппараттарын жобалау, дайындау және сынау үшін құрылған.

Қазақстан мен Францияда жылына екі рет өзінің отырыстарын өткізіп тұратын «Ғалам» ЖШС-нің бақылау кеңесі кәсіпорын басшысының 2012 жылдың сәуір-қазан айы аралығында атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдады.

Оған қоса бақылау кеңесінің қатысушылары STSat, KazSAR, Kazsat жобалары бойынша мәселелерді, сондай-ақ бірлескен кәсіпорынға «Қазақтан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның бөлімшесі -  арнайы конструкторлық техникалық бюросы қызметкерлерінің ауысуы есебімен «Ғалам» ЖШС-ның ұйымдастырушылық жоспарларды талқылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум