21:44, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ғаламдық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасын жасау керек - Елбасы
Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Ғаламдық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасын жасау керек. Қазақстан Президенті бұл ұсынысын БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында сөйлеген сөзінде білдірді.

- Ақпараттық кеңістік - бұл адамзаттың болашағы үшін жер қойнауы, әуе және су әлемдері, ғарыш секілді маңызды. Бірақ қазіргі кезде ақпараттық процестерді реттейтін бір де бір халықаралық конвенция, бір де бір көпжақты келісім жоқ. Банктерге, компанияларға, мемлекеттік мекемелерге, әскери, тіпті ядролық обьектілерге жасалған хакерлік шабуылдардың басым көпшілігінің жазаланбайтындығы осымен түсіндірілмей ме?,-деді Президент.
Елбасының сөзі бойынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2002 жылы қабылданған киберқауіпсіздіктің ғаламдық мәдениетінің 9 элементі туралы резолюциясы ғаламдық ақпараттық кеңістікке халықаралық құқықтық база үшін негіз бола алады.