17:39, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Гандболдан қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігінің екінші туры мәресіне жетті
ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласында гандболдан қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігінің екінші тур ойындары мәресіне жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бес күнге созылған жарыста Қызылорданың "Сейхун"-ҚАМ-ҚМУ командасы барлық ойында жеңіске жетті. Жарыстың соңғы күнінде олар басты қарсыласы - "Алматы" командасымен жасыл алаңға шықты. Бұл ойында қызылордалық гандболшылар 34:22 есебімен басым түсті.
Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы алдағы желтоқсан айында Қытайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Онда әлемнің 24 үздік құрамасы қатысады. Әлем чемпионатына дайындық Қызылордада қараша айында өткізіледі. Ұлттық құрамаға қызылордалық командадан 8 ойыншы тартылса, қалғаны өзге командалардан шақырылған.