Ғарышкер А. Айымбетов ғарышта болған «ЭКСПО-2017» жалауын табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ғарышта болып келген «ЭКСПО-2017» жалауын табыстады.
None
None

«Кеме бортында әрбір орын есептеулі, дегенмен Айдын ғарышқа Қазақстан Республикасының Туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туларын алды. Өйткені, ғарышқа шығарылатын әрбір зат өте қатаң қадағалауда болады. Бұған дейін ЭКСПО-ның ешбір туы ғарышта болмаған еді. Айдын болса, туды ғарышқа көтеріп, мөр басқызып, бүгін табыстап отыр», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

Айта кетейік, 2015 жылғы тарихи оқиғалардың бірі - тәуелсіз Қазақстанның азаматтары арасында тұңғыш рет Айдын Айымбетов «Союз ТМА-18М» ракетасымен ғарышқа ұшты. 9 күн 20 сағаттан астам уақыт бойы халықаралық ғарыш стансасында жүрген ол Қазақстанның бес ғарыш бағдарламасын, сонымен қатар 20 ғылыми зерттеуін ойдағыдай жүргізіп келді. Ғарыштан аман-есен оралған А.Айымбетовке ҚР Президенті Н.Назарбаев «Халық Қаһарманы» атағын берді.

Соңғы жаңалықтар