?Ғасыр жобасының? келешегі кең екені тағы дәлелденді

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Бүгін Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Солтүстік Арал теңізін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын реттеу" жобасының ІІ кезеңіндегі техникалық-экономикалық негіздеме бойынша атқарылатын жұмыстар бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қоғамдық тыңдауға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Рябцев, Дүниежүзілік Банк өкілі, САРАТС-2 жобасының кураторы Йоуп Стаутжесдейк, САРАТС-2 жобасының жетекшісі Йохан Якоб, облыс әкімінің орынбасары Асхат Сүлейменов, "Казгипроводхоз" өндірістік кооперативінің төрағасы Леонид Дмитриев қатысты.Облыс әкімінің орынбасары Асхат Сүлейменов Елбасының биылғы Жолдауындағы негізгі алға қойған міндеттерді атап өтіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты жүзеге асуы тиіс істерді мәлімдеді.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен САРАТС жобасы әзірленіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына оң әсер еткенінен көпшілік хабардар. Осы жобаның І кезеңі өз мәресіне жақын қалды. Енді ІІ кезең барысында қандай жұмыстар атқарылады? Көпшілікті мазалаған бұл сұрақтарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Рябцев толыққанды жауап берді. Жобаның екінші кезеңінің (САРАТС-2) техникалық-экономикалық негіздемесі Аrсаdіs Еurосоnsult (Нидерланды), DHІ Wаtеr & Еnvіrоnmеnt (Дания), Jасоbs ? Ваbtіе (Ұлыбритания) компаниялары мен "Казгипроводхоз" институты (Қазақстан) мамандарымен бірлесіп жүзеге асырылды. САРАТС жобасының ІІ кезеңінде өңірімізде бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, Қазалы және Қармақшы аудандарында қорғаныс бөгеттері, сондай-ақ Қызылорда қаласында 680 шаршы метрлік су ресурстарын басқару орталығы салынады. Сонымен бірге, Солтүстік Арал теңізінің кеме қатынасын ретке келтіру мақсатымен Сарышығанақ бұғазындағы су деңгейін көтеруге мүмкіндік жасалады. Бұған қоса Қазалы ауданының Бірлік елді мекені тұсынан автожол көпірі бой көтереді.Қоғамдық тыңдауда жергілікті тұрғындар Ақлақ су торабы құрылысының кешеуілдеуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. А.Рябцев су торабының дер мезгілінде аяқталмағандығының себебін түсіндіріп, бұл жұмыс биылғы жылдың маусымында толықтай аяқталатынына сендірді. Көлдер жүйесінің су деңгейін ұстап тұру мәселесіне қатысты пікірлер де айтылды. Йоуп Стаутжесдейк көлдер жүйесін қайта қалпына келтіру үшін нақты жұмыстардың жүзеге асатындығын мәлім етті.
Соңғы жаңалықтар