Газ-химия кешені құрылысына кадрларды даярлау жөнінде халықаралық компаниялармен келісімге қол қойылды

деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.
«Атырау облысындағы газ-химия біріктірілген кешені құрылысының жобасы бойынша жергілікті кадрларды даярлау жөнінде Германияның CB&I Lummus, Currenta, Кореяның SK Energy, Қытайдың Sinopec Engineering компанияларымен келісімге қол қойылды», - делінген ведомствоның хабарында.
ҚР МГМ ақпарына қарағанда, CB&I Lummus Technology Inc неміс компаниясы кадрларды үш деңгейде даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге кірісіп те кеткен, олар: техникалық жұмыскерлер, орнату операторлары, инженерлік-техникалық жұмыскерлер. Кадр даярлау мерзімі 2-4 жыл.
Мұнай-газ өндірісін пайдалану жөніндегі мамандарды даярлау республикалық төрт жоғары оқу орны базасында жүзеге асырылады: Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Атырау мұнай және газ университеті және М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Атырау газ-химия кешенін жобалық қуатына шығаруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың І кезеңінде негізгі техникалық құрылғылар мен алаңішілік желілердің 78% жобалау жүргізілді, инфрақұрылым нысандарының 95% жобалау аяқталуға жақын.