«Газель» көлігінің жүргізушісі колонияның ішіне есірткі, ішімдік және ұялы телефон алып өтпек болған

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Шығыс Қазақстанда тыйым салынған заттарды колония аумағына алып өтпек болған «Газель» көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
None
None

Баспасөз қызметінің өкілі әділет капитаны Самал Ғадылбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны автокөлікпен қатаң режимдегі колонияның бақылау-өткізу бекеті арқылы 2 келіден астам марихуана, 70 грамдай гашиш, 53 литр спирттік ішімдік және ұялы телефон алып өтпек болған. Бұл заттар көлікке тиелген құрылыс материалдарының арасынан табылған. Атап айтқанда, «Алинекс» ұнтағының қапшықтарынан спирттік ішімдік құйылған ондаған пластик шөлмек пен есірті салынған түйіншек және ұялы телефон табылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Соңғы жаңалықтар