Геология комитетінің бұрынғы басшысын тұтқындау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды
«№2 Алматы аудандық соты ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевтың тұтқындау мерзімін 6 маусымға дейін ұзартты», деп хабарлады Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Еске салсақ, Базарбай Нұрабаев 2017 жылғы 6 наурызда қамауға алынды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының деректеріне сәйкес ол жер қойнауын мемлекеттік зерттеуге келісімшарт жасасуға жәрдем көрсеткені үшін «Ақмола Голд» ЖШС өкілінен 20 мың доллар АҚШ доллары көлемінде параның кезекті бөлігін алу кезінде ұсталды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Б. Нұрабаев ҚР-дың барлық аумағы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасағаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде ірі көлемде пара алу бойынша қылмыстық топты ұйымдастырған.