Герихан Яндиев: Елбасы ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын Мәңгілік Елге жетудің «Нұрлы жолын» айқындап берді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Елбасы өзінің халыққа арнаған биылғы Жолдауында 2050 жылға дейінгі стратегияны жүзеге асырудың, яғни тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын Мәңгілік Елге жетудің «Нұрлы жолын» айқындап берді». Бұл - Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының төрағасы Герихан Яндиевтің пікірі.
None
None

Оның айтуынша, жаһандық дағдарыстың алдын алып, ұлтымызды ұйыстыра отыра ұлы мақсаттарға жетелейтін «Нұрлы жол» бағдарламасы - бұл біздің ұлттық идеямыздың түп қазығы «Мәңгілік Елге» апаратын даңғыл жол.

«Мемлекет басшысы айтпақшы, біздің тәуелсіздігіміз, зайырлығымыз бен еліміздің экономикалық өсімі «Нұрлы жол» сияқты құндылықтарды біріктіреді. Бұл жолғы Жолдаудың ел болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, Жолдау көпұлтты халқымызға күш-қуат берер қайнар көз деп білемін. Жолдауда Елбасы алдағы уақытта көптеген жұмыстардың күтіп тұрғанын айтып өтті. Бұл тарихи құжатта қоғамның әрбір мүшесіне зор жауапкершілік жүктелген. Сан салалы өміріміздің барлық тыныс-тіршілігін түгел қамтыған Жолдауда әсіресе, жастарға көп үміт артылып отыр.

Қазіргі күні жастардың көбі пәтер жалдап, күн көретіні жасырын емес. Қаншама жас отбасылар да баспананың жоқтығынан қиналып жүр. Осы ретте, жалға берілетін тұрғын үй құрылысының жандандырылатындығы жас қазақстандықтарды бір серпілтіп тастады.

Мемлекет әлеуметтік баспаналар салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсыну тетігін бұрынғыдан бетер іске қоса түспекші. Демек, баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен алатын күннің ауылы алыс емес деп ойлаймын. Бастапқы жарнаның болмауы және ипотека үшін төмен пайыздар жастардың әр жіктері үшін пәтерге қолжетімділікті жеңілдете түспек. Президент 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін қосымша 180 миллиард теңге бөлінетінін айтып, біздің көкейіміздегі ойды дөп басты. Өйткені, мемлекетімізді «Мәңгілік Ел» ету жолында еңбек ететін де, ертең соның жемісін көретін де бүгінгі жастар. Осыны жақсы түсінген Президентіміз еліміздің келешегі жастардың жағдайына немқұрайлы қарамай, 2050 жылға дейінгі стратегияны жүзеге асырудың, яғни тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын Мәңгілік Елге жетудің «Нұрлы жолын» айқындап берді», - дейді Герихан Яндиев.

Соңғы жаңалықтар