Герман-азиялық экономикалық қоғамдастығының президенті Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына кірісуімен құттықтады
Бодо Крюгер Қазақстанның осынау маңызды халықаралық ұйымдағы қызметіне табыс тіледі. Ол сондай-ақ, ЕҚЫҰ тарихында төрағалықтың алғаш рет посткеңестік кеңістіктегі елге сеніп тапсырылғанын атап көрсетті.
Қазақстанның Майндағы Франкфурттегі бас консулдығы ұйымдастырған «Қазақстан» стенді жиынға қатысушылардың ерекше ықыласын аударды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының логотипімен қойылған стенд елдің негізгі туристік орындары мен экономикалық орталықтарының, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының суреттерінен тұратын Қазақстанның картасы түрінде жасалған.
АСЕАН ұйымының бас хатшысы Сурин Питсуван Германияның қоғамдық-саяси, іскер топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус өкілдері, барлығы 1 мыңнан астам адам қатысқан осынау қабылдаудың құрметті қонағы болды.
Қабылдау барысында Бас консул Бейбіт Атамқұлов жергілікті «RhainMain TV» және «Earth - TV» телеарналарына сұхбат беріп, онда Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауының негізгі тараулары, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы, ЕҚЫҰ төрағалығындағы басымдықтары, қазақстан-герман қарым-қатынасының перспективалары туралы әңгімелеп берді.