Герман тарапы тек қысқамерзімдік қана емес, ұзақмерзімдік келісімшарттар да жасамақ - Германияның Алматыдағы Бас консулы Герольд Амелунг

АРАЗ. Сәуірдің 2сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Герман тарапы тек қысқамерзімдік қана емес, ұзақмерзімдік келісімшарттар да жасамақ.
None
None

Бұл сенімді ынтымақтастық, дейді Таразда неміс делегациясымен бірге сапармен жүрген Германияның Алматыдағы Бас консулы Герольд Амелунг.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен болған кездесуде ынтымақтастық салалары мен олардың мүмкіндіктері талқыланды және қос тараптан да нақты ұсыныстар жасалды.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу саласындағы герман бизнесінің өкілдері, аймақта жүгерінің мол өсірілетініне қарамастан, Жамбыл сөрелерінде одан өңделген жергілікті өнімдердің жоқтығына таңданыс білдірді. C.Illies&Co фирмасының өкілдері осы салада мол мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев өз кезегінде, ауыл шаруашылығы басқармасына осы мәселені зерделеуді тапсырды. «Бізде жүгері өсіру және оны өңдеу саласы бойынша жоспарларымыз мол», деді әкім өз сөзінде.

Сондай-ақ Қ.Бозымбаев, жылу жүйелері үшін агрегаттар жеткізумен айналысатын германдық Robert Bosch компаниясының өкіліне Таразда салынып жатқан «Бәйтерек» ықшамауданын мобильді қазандықтармен қамтамасыз етуді ұсынды.

«Ағымдағы жылы біз төрт жаңа үйді пайдалануға береміз, бірақ коммуникация мәселесінде үлгермей жатырмыз. Бізге мобиль қазандық керек-ақ», - деді әкім өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар