12:58, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Германия елінің делегациясы БҚО-ға келмек
ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Германия Федеративтік Республикасының делегациясы тамыздың 19-20-сында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болмақ. Меймандарды Германияның Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг бастап келмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Германиялық делегация облыс және қала әкімдерімен, облыстық басқармалар басшыларымен және бизнес өкілдерімен кездеспек. Қалалық көрме залында қазіргі герман елінің табыстарын әйгілейтін, сондай-ақ энергия саласындағы жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылмақ.
Делегация облыстық ауруханада, облыстық «Қайта өрлеу» неміс қоғамында, шұжық өнімдерін шығаратын «Meat Master LLC» ЖШС фирмасында және «Grown Батыс» ЖШС нысанында болмақ.