Германия Елшілігі астаналықтарға Берлин қабырғасының құлауы туралы фильм көрсетеді

АСТАНА.  Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ -   Қарашаның  9-ы  күні сағат  19.00-да «Мегаорталықта»      Берлин  қабырғасының  құлауы  туралы әңгімелейтін  «Қабырға қалай  құлады»  деген деректі фильм мен   «Лейпциг    ғажайыбы»    көркем  фильмі  көрсетіледі. 
None
None

 Бұл туралы  Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы  Елшілігінің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Германияның  бірігуіне  әкелген  тарихи   оқиға      туралы фильмдердің  тегін көрсетілімін     Германия  Елшілігі     қазанның 3-і мен   қарашаның  9-ы  арасында  өтіп  жатқан  «Бейбіт  революция  жолымен Германияның бірлігіне»    деп аталатын  көрме аясында өткізеді.     Көрме «Мегаорталықтың» бірінші  қабатында  өтуде.

Соңғы жаңалықтар