Германияда «Қазақстан» мерекесі өтті

НДАҒЫ ФРАНКФУРТ.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/ -  Германияның Рейнланд-Пфальц  федералдық  жерінің   экономикалық кеңесіне кіретін Қазақстанның  жұмыс тобы Қазақстанның  Майндағы Франкфурт қаласындағы    Бас консулдығының  қатысуымен  «Қазақстан»     атты мереке  ұйымдастырды.
None
None

Мереке  қонақтарына   қазақтың    ұлттық дәмдері    ұсынылып,  қазақ  қожақжайлылығының  қасиеті  тағы   бір рет паш  етілді.

 Қазақстанның  жұмыс тобы    қазақтың  және немістің  ән-билерінен   тұратын  концерттік  бағдарлама   ұсынды.  Сондай-ақ,    имидждік  материалдардың көрмесі  ұйымдастырылды.

 Хан-Франкфурт   әуежайының жанындағы  мәдениет орталығында  өткен     шараға    300-ден астам адам -    Бундестаг    депутаттары, аймақ  бургомистрлері,     федералдық  жердің  экономикалық   кеңесінің мүшелері,   Қазақстаннан  көшіп кеткен  немістердің  қоғамдастығы  өкілдері, қоғам және  саясат қайраткерлері  қатысты.

 Шараны   ұйымдастырушылардың  және  мереке  қонақтарының атына     Германияның   федералдық ішкі істер    министрі    В.Шойбле    құттықтау хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар