Германиялық делегация Батыс Қазақстан облысына келіп, іскерлік кездесулер өткізді

ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Германияның Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг бастаған ГФР делегациясы тамыздың 19-ында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Германиялық делегация облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов және қала басшысы Самиғолла Оразовпен, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесулер іскерлік сипатта өрбіп, облыс пен Германия арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі өрістету туралы кеңінен әңгіме болды.

БҚО мен Германия арасындағы тауар айналымы 2009 жылы 47,2 млн. АҚШ долларын (мұның дені, яғни 44,9 млн. доллары - импорт, 2,3 млн. доллары - экспорт) құраса, биылғы жарты жылдың өзінде бұл көрсеткіш 41,9 млн. долларға (33,0 млн. доллар - импорт, 8,9 млн. доллар - импорт) жетті. Облыс аумағында «Уезефорд Ист Юроп Сервис ГмбХ (WEWS)» компаниясының филиалы тіркелген, сондай-ақ бірнеше бірлескен кәсіпорын жұмыс жасайды. Облыс өнеркәсіп орындары германиялық әріптестерімен тығыз байланыста. Мәселен, 2007-2009 жылдары өңірде бірқатар нысандар германдық жабдық негізінде іске қосылса, бұл жұмыс биыл да жалғасуда. Биыл «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС германдық KRAUSS MAFFAI жабдығымен құбыр желісін іске қоспаққа ниеттенсе, индустрияландыру картасы аясында «Алтимстройдеталь» ЖШС есік шығаратын цехқа алдағы қазан айында германдық жабдық орнатпақшы. Осындай мәселелер Оралда одан әрі пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар