Германияның экономикалық мәселелер жөніндегі министрі бастаған арнайы делегация қазақстандық кәсіпкерлермен кездеседі - ГФР-дің Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Астанаға Германиядан үлкен делегация келеді.
None
None

Бұл жайлы ГФР-дің Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары бүгін болған Орталық Азия елдері журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингте айтты.

"Осы аптада Германиядан үлкен делегация күтіп отырмыз. Экономикалық мәселелер жөніндегі министр бастаған арнайы делегация қазақстандық кәсіпкерлермен бірге болашақта бірлесіп жүзеге асыра алатын жобаларды талқылайды. Олар бүгін Астанаға ұшып келеді. Онда 2 күн, одан кейін Алматыда да 2-3 күн болмақ", дейді Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Анна Зайферт. Оның айтуынша, енді алдағы қазан айында "Қазақстандағы Германия жылы" аясында Орталық Азия елдері үшін Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде үлкен конгресс өтпек. Оған Германияның түрлі жоғары оқу орындарының профессорлары қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар