18:55, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
ГФР бас консулы Жамбыл облысында сапарда жүр
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - ГФР-дың Алматыдағы бас консулы Герольд Амелунг басқарған неміс делегациясы Жамбыл облысында сапарда жүр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Наурыздың 31-і мен сәуірдің 2-сі аралығында өтіп жатқан ГФР бас консулының сапары Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы жылына орайластырылып отыр.
Делегация құрамында немістің бірқатар қоғамдық ұйымдарының және коммерциялық компанияларының өкілдері бар.
Сапар барысында неміс делегациясының Жаңажамбыл фосфор зауытында, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, суретші Леонид Брюммер атындағы мұражайда, немістердің «Өркендеу» облыстық қоғамында, сондай-ақ Жамбыл облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінде болуы жоспарланған.