Гір тасын көтеруден Әлем чемпионатында қызылордалық спортшы қола медальға ие болды

"Ол 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 32 келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 143 ұпай жинады. Нұрсұлтан Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады", делінген хабарламада.
Н.Көлдеев төрт жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келеді. Ол 8 дүркін Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдесін, биыл Еуропа чемпионатында екінші, Әлем кубогында үшінші орындарды иеленген болатын. Оның жаттықтырушысы - Жасұлан Өмірбаев.
Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды - Ресей, екінші орынды - Қазақстан, үшінші орынды украиналықтар иеленді. Енді Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Павлодарда болатын Қазақстан кубогында бақ сынамақ.