09:21, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Голландияның кәсіпкерлері голландық раушан гүлін Тараздан сатып алады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Голландия кәсіпкерлері голландық раушан гүлдерін раушан гүлінің әртүрлі сұрыпын өсіретін Тараздағы кәсіпкер Әлиакбар Әлішеровтан сатып алады.
«Раушан гүлінің тамырын осындай көлемде өсіреміз деп ешқашан жоспарламаған едік. Біріншіден базарда гүл саттық, кейін раушан гүлінің тамырын өсіріп үйрендік. Сұраныс жақсы болды, соңында раушан гүлінің тамырын өзінен алып өсірген дұрыс шешім екені анықталды. Өз бақшамыздан бастадық, қазір бірнеше гектар аумақта гүлдің жүзден астам түрін өсіреміз», - дейді Ә.Әлішеров.