Гранитный кентіндегі колонияда болған оқиғаларға қатысты түсіндірме берілді - брифинг

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ақмола облысының прокуроры Болат Абдулов пен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанат Кешубаев Гранитный кентіндегі жалпы режімдегі колонияда орын алған оқиғаларға қатысты бүгін брифинг өткізді,
None
None

деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметінен.

Гранитный кентіндегі колонияда сотталушылардың арасында төбелес болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Соққыға жығу, мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына мойынсұнбау және мекеменің қалыпты жұмысын тұрақсыздандыру фактілері бойынша Ақмола облыстық ішкі істер департаменті тамыздың 11-інде қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері облыстық прокуратураның өкілдерімен, қоғамдық бақылау комисиясының мүшелерімен бірлесіп, тамыздың 9-10-ы күндері сотталушылардың заңға қайшы әрекеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде 50 шақты адам өз еріктерімен бұзақы әрекеттерін тоқтатқан. Бірақ та, сотталушылардың қалған бөлігі өздеріне қойылған заңды талаптарға құлақ аспаған, онымен қоймай, теріс пиғылдылардан құрылған ұйымдасқан қылмыстық топ өзге сотталушыларға жарақаттар салған.

Түсіндіру шаралары нәтиже бермей, сотталушылардың әрекеттері бұқаралық тәртіпсіздікке ұласқандықтан және сотталушылардың басым бөлігінің өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында және қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тамыздың 11-і күні сағат 22.00 шамасында Ішкі істер министрлігінің арнаулы жасағы колонияда операция жүргізді.

Тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен арандатушылар анықталып, олар бөлек қамалды. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеуде. Мекемедегі жағдай реттелді, деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар