"ГРАНТУМ" зейнетақы жинақтау қорының салымшылары 36 ай ішінде ең жоғары кірістілік көрсеткішіне қол жеткізді

ҚР Ұлттық банкінің қыркүйектегі ресми деректері бойынша «ГРАНТУМ» ЗЖҚ салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының атаулы кіріс көрсеткіші (К2) 12 ай ішінде 6,18%, 36 ай ішінде 23,88% және 60 ай ішінде 39,26% құрады. Қор салымшылары өздерінің жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша 36 ай ішінде ең жоғары кірістілік көрсеткішіне қол жеткізіп отыр. Жалпы соңғы үш жыл инфляцияның жинақталған деңгейі 23,28 пайызды құраған болатын. Ал «ГРАНТУМ» ЗЖҚ-ның соңғы үш жыл ішіндегі кірістілік деңгейі 23,88 пайызға жетті. Бұл зейнетақы жинақтау қорлары арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, «ГРАНТУМ»-ның табысты инвестициялық қызметі салымшылар үшін кірістілік пен тәуекелдіктің оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ететін ұстамды консервативтік инвестициялық стратегияны жүзеге асыруға негізделген. Кірістілік бойынша жетекші көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, олар зейнетақы жүйесі бойынша инвестициялық қоржындағы тәуекелді активтердің үлесі бойынша ең төменгі көрсеткіштердің (35,82 %) бірін көрсетті. ҚР Ұлттық банкінің 1-тамыздағы мәліметтеріне қарағанда нарық бойынша бұл көрсеткіштің орташа мәні - 46,17 пайыз.
«ГРАНТУМ» зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы. Ол зейнетақы активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі төрт зейнетақы қорының қатарына кіреді. Ал бір салымшыға жинақталған зейнетақы қаражатының орташа көлемі бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. 327 мыңнан астам салымшылары бар қордың зейнетақы активтері 1 қыркүйектегі дерек бойынша 216 миллиард теңгеден асады. Оның негізі 1998 жылы қаланған. ABN AMRO (Голландия) халықаралық ірі қаржы тобының қатысуымен «АБН АМРО» зейнетақы жинақтаушы қоры» деген атпен құрылған бұл қордың негізгі акционері 2005 жылдан бері «Қазкоммерцбанк» АҚ болып отыр.