Грек-рим күресінен ҚР чемпионатында батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті

ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Грек-рим күресінен Алматыда өткізілген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы Бақтияр Байсейітовтің жүлдесі үшін ІІІ республикалық турнирде батысқазақстандықтар табысты өнер көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыста БҚО құрамасы (№1 БЖСМ) командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Сондай-ақ Айбек Марданов (46 килә), Артем Фатаков (54 килә), Искандер Шакиров (85 килә) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды. Есжан Кенжеев пен Абай Қазиев үшінші орынды місе тұтты. Жеңімпаздардың жаттықтырушылары - Батыр Қазиев пен Мақсот Төлегенов.

Соңғы жаңалықтар