Грек-рим шеберлерінде алғашқы «қола», Д.Гаджиев Олимпиада жүлдегері

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы ойындар барысында грек-рим күресінен Даниял Гаджиев Олимпиада «қоласын» жеңіп алды.
None
None

Олимпиаданың қола медалі үшін өткен тартысты белдесуде біздің спортшы грузиялық Владимир Гегешидзеден 2:1 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұның алдында 84 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан отандық спортшы болгариялық Христо Диянов Мариновты тізе бүктірген еді. Алайда ширек финалда ресейлік Алан Хугаевтен жеңілген болатын. Бірақ жұбаныш белдесуіне шыққан ол беларусьтық Алим Селимовті ұтып, Олимпиада «қоласы» үшін күресуге мүмкіндік алды.

Даниял Гаджиев Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында туған. Ол Дәулет Тұрлыхановтың күрес мектебінде жаттығады. Лондон лицензиясын елордада өткен азиялық турнирде ұтқан еді.

Соңғы жаңалықтар