12:04, 01 Мамыр 2013 | GMT +5
Грекияда қатаң үнемдеу шараларына қарсы ереуіл басталды
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Грекияда үкімет енгізген қатаң үнемдеу шараларына қарсылық ретінде 24 сағаттық жаппай ереуіл басталды. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі хабарлады.

Осыған орай бір тәулік көлемінде қоғамдық көліктер мен ауруханалар жұмыс істемейтін көрінеді.
Ереуілді ұйымдастырушылар үкіметтен шығыстарды қысқартуды және салықты көтеруді доғаруды талап етуде. Олардың пайымдауынша, бұндай саясат ұзақ рецессияға алып келді.
Грекия билігі елдің экономикасы қаржылық терең дағдарыстан шығуы үшін қатаң үнемдеу шаралары аса қажет қадамдар екенін айтуда. Еске сала кетейік, қатаң үнем шаралары Грекияның ЕО мен ХВҚ тарапынан қаржылық көмек алудың талаптары болып табылады.