Грекиядағы дефолт қаупінен мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Грекиядағы дефолт қаупі мұнайдың әлемдік бағасына салқынын тигізді, деп хабарлады РБК.
None
None

Дүйсенбі, 19 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы Грекиядағы дефолт қаупінің әсерінен едәуір төмендеді.

Мәселен, Нью-Йорктегі тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының бағасы 2,26 долларға төмендеп, баррелі 85,70 долларды құрады.

Лондон электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,08 долларға төмендеп, баррелі 109 доллар болды.

Грекиядағы дағдарыстың ушығуы салдарынан премьер-министр Георгиос Папандреудің АҚШ-қа сапары болмай қалды. Бүгінгі таңда инвесторлар Халықаралық валюта қорының және Еуроодақтың Афиныға ықтимал қосымша қаржылық көмегі туралы түпкілікті шешімді күтуде.

Соңғы жаңалықтар