Грекиядағы қазақстандық студенттер Елбасы Жолдауын талқылады

Жас отандастарымыз Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауының басты бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, кездесуге қатысушыларға елдегі құрылымдық реформалар, жас ұрпақты жұмыспен қолдау іс-шаралары, заманауи біліммен қамтамасыз ету, тұрғын үй мәселелерін шешу және іскерлік белсенділікті дамыту жайында атқарылар жұмыстар жөнінде хабардар етілді.
Студенттер жастардың қамын ойлаған Президенттің идеясын мақұлдап, Қазақстанның әлемдік геосаясаттың өзгеруі мен жаһандық дағдарыстың жалғасуы жағдайына қарамастан, дамыған отыз елдің қатарына қосылуы ниетін қолдады. Отандастардың пікірінше, аталған құжат Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму Стратегиясына сәйкес мемлекеттің жақын келешектегі дамуына арналған нақты бағдарлама болып отыр.