13:50, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Грузия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына нақты қолдау көрсетіп келеді - Қ.Саудабаев
СТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Грузия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жасап отырған төрағалығына нақты қолдау жасап келеді.
Бүгін Грузияның Сыртқы істер ведомствосының басшысы Григола Вашадземен кездескен ЕҚЫҰ-ның төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Грузия елі Алматыда өтетін сыртқы істер министрлері кеңесі мен ЕҚЫҰ-ның Саммитіне дайындық жұмыстарына белсенді түрде қатысып келеді. «Бұл өз кезегінде ұйымның дамуына ғана емес, осы ұйымға мүше елдердің аумағында қауіпсіздік пен өзара ынтымақтастықтың нығаюына өз септігін тигізеді», - деп атап өтті Қ.Саудабаев.
Ол Грузияның ұйымға қолдау білдіріп жатқандығы үшін алғыс білдірді.