Грузия «ҚазТрансГаз-Тбилиси» компаниясын басқаруды қазақстандық менеджментке беруге әзір

Бұл туралы жақында К.Каладзе тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді. «Біз компанияны басқаруды қазақстандық менеджментке беруге және оны тапсырудың шарттарын талқылауға әзірміз», - деді министр. Сондай-ақ, К. Каладзе пасха мерекесінен кейін Астанаға аттануға дайын екенін тілге тиек етті.
К.Каладзенің айтуынша, Грузияның энергетика министрлігінде нақты ұсыныстар бар, олар елордада «ҚазТранс-Газ» компаниясының басшылығымен талқыланатын болады.
Еске сала кетейік, «ҚазТрансГаз» қазақстандық компаниясы «Тбилгаз» Тбилиси газ үлестіру компаниясының активтеріне инвестициялық ставка бойынша 2006 жылдың мамырындағы жеңісінен кейін ие болды. Инвестор компания үшін 12,5 миллион АҚШ долларын төледі. 2009 жылы Грузиялық энергетиканы және сумен қамтуды реттеу ұлттық комиссиясы «ҚазТрансГаз-Тбилисидің» арнайы менеджерін тағайындады. Басшылықтың ауысуына себеп компанияның 80 миллион лари көлеміндегі (1 лари = 0,5742 АҚШ доллары) берешегі болды, оның 68 миллион лариін «ҚазТрансГаз-Тбилиси» Грузияның мұнай және газ корпорациясына қарыз.
Бұған дейін Грузияның энергетика министрі Каха Каладзе қазақстандық компанияға қарызын Грузияның Қазақстанға мемлекеттік берешегі есебінен (оның көлемі 100 миллион АҚШ долларын құрайды) жабуды ұсынған еді.