Грузия Парламенті Қазақстандағы жаңа елшісін бекітті

ТБИЛИСИ. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Грузия Парламенті Грузияның Қазақстандағы Елшісі лауазымына Зураб Патаридзені бекітті. Бұл шешімді 115 халық қалаулысы бірауыздан мақұлдады.
None
None

Бұл жолы бекітуге ұсынылған елшілер парламенттің басым және аз бөлігінің қолдауына ие болды.

З. Патаридзеден бөлек, Түркияға - Ираклий Коплатадзе, Әзербайжанға - Теймураз Шарашенидзе, Литваға Хатун Салуквадзе елші ретінде бекітілді. Ал Константин Коркелия Еуропа кеңесіндегі Грузияның тұрақты өкілі болды.

Енді Грузияның президенті тиісті жарлыққа қол қоюы тиіс.

Соңғы жаңалықтар