12:07, 10 Қараша 2012 | GMT +5
Грузияның Энергетика министрлігі «ҚазТрансГаз» АҚ-мен газға тарифтерді төмендету мәселелерін талқыламақ
БАКУ-ТБИЛИСИ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Грузияның энергетика министрі Каха Каладзе алдағы таяу уақытта газға тарифтерді төмендету бойынша келіссөздерді өткізу үшін қазақстандық «ҚазТрансГаз» компаниясының өкілдерімен кездесуге ниетті.
Бұл туралы грузиндік министр журналистерге жұма күні хабарлады. К. Каладзе атап өткендей, алдағы таяу уақытта ол «Қазтрансгаз-Тбилисидің» өкілдерімен кездеседі.
«Жақын уақытта мен «ҚазТранГаздың» өкілдерімен кездесемін. Министр ретінде мен үшін тарифтердің төмендетілуі басымдықты болып табылады және қоғам таяу уақытта бұл тарифтерді қаншалықты төмендетуге болатындығын білетін болады», - деді К.Каладзе.