Грузияның Сыртқы істер министрі Григол Вашадзе Қазақстанға ресми сапар жасайды

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат. /Ернұр Ақанбай / - Мамырдың 6-сында Грузияның Сыртқы істер министрі Григол Вашадзенің Қазақстанға ресми сапары өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сапар шеңберінде Г. Вашадзе ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен келіссөздер өткізетін болады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузияның Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

«Сондай-ақ келіссөздер барысында сауда-экономикалық және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланатын болады.

Сондай-ақ күн тәртібінде тұрған бірқатар халықаралық мәселелер, оның ішінде ЕҚЫҰ шеңберіндегі ықпалдастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасылады», деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар