Гуманитарлық көмек зардап шегушілерге бөлінуде - БҚО

ОРАЛ. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен жетекшілік жасайтын су тасқынынан зардап шегушілерге қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі облыстық әкімдік жанындағы облыстық комиссия 23-25 сәуір күндері өзге облыстардан келіп жеткен азық-түлікті, киім-кешекті бөлу үстінде.
None
None

-Қазір «Аттисо Орал Агро» кәсіпорыны қоймасында Солтүстік Қазақстан облысынан келген 40 тонна астық, тоннаға жуық азық-түлік, 5 текше метр ағаш материалы, Ақтөбеден жеткен 10 тонна азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, 5 тонна цемент, Атыраудың 10 тонна таза су құтысы, Қостанайдың 6,5 тонна сүт өнімдері зардап шеккен аудандар мен қалаға жіберілмек. Одан әрі жергілікті жерлердегі әкімдік жанындағы комиссиялар көмекке мұқтаж жандарға бөліп береді, - деді облыстық комиссияның хатшысы Максим Хасанов. Сондай-ақ қоймада Маңғыстау облысынан жеткен тоннаға жуық жаңа және қолданыста болған ескі киім-кешек те тиісті аудандарға жіберіледі.

Енді қайырымдылық көмегін тиеген жүк көлігі Оңтүстік Қазақстан облысынан келіп жетпек.

Соңғы жаңалықтар