Гуманитарлық көмектің әділ бөлінуіне атсалысудамыз - Г.Имашева, БҚО

ОРАЛ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы су тасқыны кезінде қайырымдылық көмегін ұйымдастырушылар қатарында Қызыл жарты ай қоғамы облыстық филиалы да болды.
None
None

Филиал төрайымы Гүлмира Имашеваның айтуынша, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бес күннің ішінде 1,3 млн. теңгенің қайырымдылық купондары сатылды. Филиал жұмысы мұнымен біткен жоқ. Қызылжартыайлықтар өзге де қоғамдық ұйымдармен бірге гуманитарлық көмектің әділ бөлінуіне атсалысуда. Мәселен, эвакуациялық қосында қалған адамдарды бірінші кезектегі заттармен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен жоқ. «Біз уақытша қосындағы адамдардың күнделікті тамақпен, гигиеналық заттармен қамтылуын қадағалаймыз. Ең бастысы, ешкім де ескерусіз қалмауы тиіс», деді Г.Имашева.

Соңғы жаңалықтар