Гуманитарлық ынтымақтастық халықтар арасында өзара түсіністікті нығайтудың берік негізі - А.Мұхамедиұлы
«Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры қалыптасқан жылдан бері 9 форум өтіп, онда мәдениет, білім, ғылым, ақпарат, спорт және туризм салаларындағы ең өзекті мәселелер талқыға салынды. Ал биылғы мерейтойлық форум Астанада өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстан ТМД құрылғалы Достастыққа қатысушы елдердің арасында көпжақты ынтымақтастықты, оның ішінде мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандыруды қолдап отыр», - деді министр. Осы орайда ол Астанадағы форум гуманитарлық саладағы, ортақ құндылықтар, сондай-ақ мәдениттер диалогы тұрғысындағы өзекті мәселелерге арналғанын еске салып өтті. «Атап айтқанда, форум кезекті рет жаңа бастамаларға, қызықты жобаларға өзінің ұмтылысы мен ашықтығын көрсететіндігіне сенімдімін. Мәдениттер диалогы - бұл жақындасуға, өзара іс-қимылдар мен мәдени мұраны сақтау үшін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі ортақ проблемаларды шешу аясында тиімді шараларды бірлесе іздестіру тұрғысында маңызды құрамдас. Гуманитарлық ынтымақтастық халықтар мен мәдениеттер арасында өзара түсіністікті нығайтудың берік негізі болып табылады», - деді А.Мұхамедиұлы. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы Ұлттық музейде ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің оныншы форумы жұмысын бастады. Форумға Достастық мемлекеттерінен 200-ге жуық делегаттар шықырылды. Биылғы бұл шара «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы» тақырыбына арналып отыр.