«Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №381 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Елбасының Жарлығы шықты.
None
None

***

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №381 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

Қаулы етемін:

1. «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік сыйлықтары ту­ралы» Қазақстан Респуб­ли­ка­сы През­и­денті­нің 2007 жылғы 13 тамыздағы №381 Жарлығына (Қа­зақ­стан Республи­касының ПҮӘЖ-ы, 2007 ж., №27, 310-құжат; 2008 ж., №42, 465-құжат; 2009 ж., №27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комис­сияның қызметін қамтамасыз етуді Қа­зақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Әдебиет пен өнер сала­сындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүзеге асырады.»;

5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Дипломдар мен төсбелгісін дайын­дауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қа­зақ­стан Республикасы Мәдениет министр­лі­гінің қаражаты есебінен қаржы­ла­н­ды­рылады.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы ал­тын­шы бөлікпен толықтырылсын:

«Бір автор немесе авторлар ұжымы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.»;

11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі:»;

15-тармақ мынадай редакцияда жа­зыл­сын:

«15. Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсынғаннан кейін қайтыс болған жағ­дайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

Бұл жағдайда қайтыс болған лау­реат­тың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жа­зыл­сын:

«4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі болып табылады.»;

3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым мен техника сала­сын­дағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі ко­миссияның құрамы осы Жарлыққа 1-қо­сым­шаға сәйкес жаңа редакцияда жа­зылсын;

4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комис­сияның құрамы осы Жарлыққа 2-қо­сым­шаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дип­ло­мы мен төсбелгісінің сипаттамасында:

1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мұқабада алтын түспен батыңқы түсірілген:

1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жа­ғында - мемлекеттік тілде:

«Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік сыйлығы лауреатының

ДИПЛОМЫ»

деген жазу орналасады (1-қосымша).»;

2-тармақтың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жапсырманың сыртқы жағында:

1) үстіңгі жағында - Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:


«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының ДИПЛОМЫ» деген жазу орналасады (2-қосымша).

Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 28-і. №211

Соңғы жаңалықтар