«Хабар агенттігі» акционерлік қоғамына бөлінетін қаржы көлемі алдағы уақытта айтарлықтай өсетін болады ? М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Келесі жылдан бастап «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамын қаржыландыру айтарлықтай ұлғаятын болады.
None
None
Алдын ала есеп бойынша ол 6 миллиард 200 миллион теңгені құрамақ. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамының өкілдерімен болған кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, бұл қаржы агенттік өкілдері тарапынан білдірілген ұсыныстар негізінде әлі де болса пысықталмақ. «Бүгінде агенттікке артылатын жүк ауыр. Өйткені ол еліміздегі жетекші арналардың бірі. Агенттікке қарасты телеарналардың хабарлары Елбасының ұдайы назарында. Мемлекет басшысы агенттікке қарасты арналарды тек тамашалап қана қоймай, оған қаржылық тұрғыда да үлкен қолдау көрсетіп келеді. Мысалы, 2006 жылы агенттікке берілген мемлекеттік тапсырыс 3 миллиард 900 миллион теңге болса, небәрі үш жылдан соң бұл көрсеткіш 5 миллиард 900 миллион теңгеге жетті. Бұл - өте үлкен сома. Біз сонымен қатар «Хабар» арнасының жарғылық қорын да арттыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, оның мөлшері 2010 жылы - 650 миллион, 2011 жылы - 2 миллиард 350 миллион, 2012 жылы 3 миллиард 448 миллион теңгені құрайтын болады», - деді министр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум