Хадсон институты: Ядролық отын банкінің Қазақстанда орналасуы оңтайлы шешім

анның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Хадсон институтының әскери-саяси талдау орталығының ғылыми аға қызметкері Ричард Уайтс Ядролық отын банкі Қазақстанда орналасса оңтайлы болатынын айтып отыр.
None
None

 Ол бұндай пікірді бүгін  Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы барысында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Түрлі мемлекеттер халықаралық атом энергетикасы агенттігіне Ядролық отын банкін құруды ұсынған болатын. Осы отын банкін оңтайлы орналастыратын елдердің ішінде Қазақстанның да болғаны орынды. Себебі, бүгінде бұл мемлекеттің Иранмен, Ресеймен, АҚШ және Қытаймен қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Меніңше, аталған отын банкі Қазақстанда орналаса алады. Осы орайда уран дұрыс негізге бағытталып, ядролық қарудың таралмауы тұрғысында өзге елдер өздерін жайлы сезіне алар еді», деді Р. Уайтс конференция барысында.

Соңғы жаңалықтар