Халқымыз болашаққа сеніммен қарайды - Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының әкімі

«Біздің аудан серпінді дамып отыр және бізде мақтаныш ететін істер баршылық. Жыл асқан сайын медицина, спорт, сондай-ақ білім және денсаулық сақтау салаларында материалдық-техникалық база жақсара түсуде, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Біздің тұрғындарымыз ертеңгі күнге сеніммен қарайды және Мемлекет басшысының саясатын қолдайды», - деп атап өтті Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының әкімі Жангелді Омаров.
Жергілікті әкімдіктің мәліметтері бойынша, ауданда 40 мыңнан астам адам тұрады, олардың 20 мыңнан астамы Жаңатас қаласының тұрғындары. Ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде ауданда нақты экономикалық секторда 5 млрд. теңгеге жуық өнімдер шығарылды.
Сарысу ауданында бірқатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар кәсіпорындар жұмыс істейді, сондай-ақ форфор кеніштерін игеру жүргізілуде.