Халық банкі Батыс Қазақстан тұрғындарына көмек ретінде 10 миллион теңге аударды

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Қазақстан Халық Банкі»АҚ тасқын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының халқына көмек ретінде 10 миллион теңге қаржы аударды.
None
None

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Еліміздегі жетекші ірі банктің қолға алатын әлеуметтік жобалары республиканың әрбір өңірінде тұрақты түрде жүзеге асырылады. Батыс Қазақстан облысындағы апатқа бей-жай қарай алмадық»,- делінген банк хабарламасында.

Бұған дейін Халық Банкі мен банк қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданында орын алған табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, апат салдарын жою ісіне атсалысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар