Халық банкі отандық экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету жобаларының саны бойынша жетекші орында тұр
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып жатқан банкке келіп түскен өтінімдердің субсидиялау қажет етілетін заемдар сомасы шамамен 1,4 миллиард теңгені құрады. Бағдарламаны жүзеге асыру негізінен үш бағытта жүргізіледі: жаңа бизнес-бастамаларына қолдау жасау, кәсіпкерлік саласын сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндіріске көмек көрсету. Бүгінгі күні Халық банкі отандық экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық көмек көрсету жобаларының саны бойынша жетекші орында тұр (барлығы - 9 жоба). Мемлекет ағымдағы жылы осы Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы субсидиялау жүргізу үшін 30 миллиард теңгені игеруді жоспарлап отыр.