Халық банкі Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен ардагерлік ұйымдарға көмекке 13,5 млн. теңгеден артық қаржы аударды

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және ардагерлік ұйымдарға қайырымдылық көмек ретінде 13,5 млн. теңгеден артық соманы аударды. Бұл туралы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы және Астана қалаларының ардагерлік ұйымдарына 4,5 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген. Алдағы уақытта облыстық және өңірлік филиалдарда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - банк салымшыларына өнімдер жиынтығы ретінде жалпы сомасы 9 млн. теңгеге көмек көрсетілмек. Тек соңғы төрт жыл ішінде банк ардагерлік ұйымдар мен республика ардагерлерін қолдауға шамамен 37,5 млн. теңгені қаржылық құралдар ретінде жіберген.
«Халық банкінің дәстүрлі «Жеңіс марафоны» атты әлеуметтік акциясы - бұл адамзатты фашизмнен құтқарған және Ұлы Жеңіске жеткіздіргендердің батырлығы мен төзімділігіне құрмет көрсету болып табылады. XX ғасырдың ең қантөгісті және алапат соғысқа қатысқандардың саны жыл сайын азаюда, дегенмен, қан майданда Отан үшін қан төккендерге бас иіп, құрмет көрсету сезімі мәңгілік өзгеріссіз сақта бермек», - дейді банк басшылары.