Халық Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап отыр - Мәжіліс депутаты К.Сағадиев
Бұл туралы депутат Кенжеғали Сағадиев бір топ халық қалаулыларының Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуінен кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.
Депутат өз сөзінде атап көрсеткендей, әңгіме барысында парламентшілер республика аймақтарына жасаған сапарларынан алған әсерлерімен бөлісті.
«Біздің сапарымыз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен қатар келгендіктен, кездесулер барысында осынау Жолдаудың маңыздылығы, Жолдауда қарастырылған түбегейлі шаралар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, Үдемелі индустрияландырудың бесжылдық жоспары туралы сөз болды», деді К.Сағадиев.
Кездесу барысында депутаттар халықтың Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап отырғанын, Жолдаудың еліміздің барлық азаматтарының үміттеріне жауап беріп отырғанын атап көрсетті. К.Сағадиевтің айтуынша, Президент, Қазақстан халқына Жолдаудың, 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының және Индустриялық-инновациялық дамудың бесжылдық жоспарының үлкен маңызға ие екенін, оның табысты жүзеге асырылуы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретінін атап көрсетті.