Халықаралық Аралды құтқару қорының мәртебесі туралы келісім мақұлданды - Мәжіліс
Тәжікстан Республикасының Үкіметі, Түрікменстанның Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық Аралды құтқару қоры және оның ұйымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Аталған келісім 1999 жылы сәуірдің 9-ында Ашғабат қаласында Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының шешімімен бекітілген болатын. Бұл ретте заң жобасы Қордың жұмысының тиімділігін арттыру және 2009 жылғы сәуірдің 28-індегі Қордың Алматы саммитінің барысында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары алға қойған міндеттердің толыққанды орындалуы үшін жұмыс істейтін болады. Соған орай, ең бірінші кезекте Халықаралық ұйым мәртебесін алуы қарастырылатын болады.
«Құжат теріс әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев.
Келісімді ратификациялау талаптардың толыққанды орындалуы үшін құқықтық негіз жасайды. Сонымен бірге, Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық бөлігін жақсартуға жәрдемдесетін болады.